
ШҚО білім басқармасы жүйелі негізде оқушылар мен студенттер арасында девиантты, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата-аналар жұртшылығын тарта отырып, аутодеструктивті мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша шаралар қабылдауда.
Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу үшін оқу орындарында педагог-психологтың рөлін нығайту, психологтардың консультативтік дағдыларын арттыру, ата-аналардың балаларды қолдау дағдыларын нығайту бойынша тренингтер, кездесулер өткізіледі.
Мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда, бұл мектептің де, ата-аналардың да бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Мәселен, 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Позитивті дүниетанымды қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» және «Саналы ата-ана» жобалары ата-ана құзыреттілігін арттыру, отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастарды жақсарту, балалар-ата-аналар сенімді қарым-қатынастарын жүзеге асыру, балаларды әлеуметтік және психологиялық қорғау бойынша іске асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ата-аналармен ағартушылық қызметті ұйымдастыру, оларға отбасылық тәрбие мәселелерін шешуге көмек көрсету, отбасында қолайлы психологиялық ахуал жасау бойынша әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарына арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, таратылды.
Сондай-ақ, ата-аналар үшін жасөспірім балалардың ерте жыныстық қатынастарын, аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға бағытталған ақпараттық құрал әзірленді.
Облыстық жобаларды іске асыру шеңберінде оқушылармен тренингтер, оқушыларының ата-аналарымен кездесулер өткізіліп жатыр.
Мысалы, 29 мамырда адвокат, медиатор Сафина л.Ф. Алтай қаласының технологиялық колледжінде 75 студентті қамтыған кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық, жұмысқа орналасу, темекі шегу, балағат сөздер айту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Барлық іс-шаралар диалог форматында өтеді, студенттер, оқушылар жай ғана пассивті тыңдаушылар емес, белсенді қатысушылар. Әр кездесудің соңында тренерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап береді, мазмұнды іс-шаралар үшін кері байланыс пен алғыс пікірлерін алады.