50-ші Республикалық жас инспекторлардың қозғалыс слет-конкурсының қорытындысы

50-ші Республикалық жас инспекторлардың қозғалыс слет-конкурсының қорытындысы

2023 жылғы 23-27 мамыр аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) 50-ші Республикалық жас инспекторлардың қозғалыс слет-конкурсы өтті.

Қазақстан Республикасының атынан 2022 жылғы ЖЖИ Республикалық слетінің жеңімпазы - Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінің командасы қатысты.

Жарысқа 10-17 жас аралығындағы 68 қатысушы қатысты.

Слет-конкурс аясында балалар жол қозғалысы ережелерін білу, жарыста зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, велосипед тебу дағдыларын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО қатысушылары жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.

Қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!