Қазақстан халқының Кіші мектеп Ассамблеясын құру бойынша облыстық вебинар

Қазақстан халқының Кіші мектеп Ассамблеясын құру бойынша облыстық вебинар

ШҚО білім басқармасы жүйелі түрде этномәдени дәстүрлердің құндылықтары негізінде толерантты тұлғаны қалыптастыру жолында шаралар қабылдайды. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында этномәдени тәрбие беру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шараларды ұйымдастырудағы басты назар Кіші мектеп Ассамблеясының институтын құруға және дамытуға арналған. Жоспарда фольклорлық мерекелер (халықтар мәдениетінің күндері/апталары және т.б.) өткізу, «Этномәдениеттер диалогы», пікірталас тіл клубтары және т.б. зерттеу жобаларын ұйымдастыру көзделген.

Бүгінгі таңда Кіші мектеп Ассамблеясы Өскемен қаласында, Глубокое, Алтай аудандарында дамыған. Басқа аудандарда КМА желісін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Этномәдени тәрбие бойынша барлық іс-шаралар Достық үйі-Қоғамдық келісім орталықтарымен тығыз ынтымақтастықта өткізіледі және балаларды әртүрлі этностардың мәдениетіне, тарихына, фольклорына құрметпен қарауды қалыптастыру және таныстыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

2023 жылғы 26 мамырда «Л. Гумилев атындағы №38 Гимназия» КММ директорының орынбасары Э.Р. Макаева және «Белоусовка негізгі мектебі» КММ директоры Г.Г. Пузакова Кіші мектеп Ассамблеясын құру және дамыту бойынша семинар-тренинг өткізді. Вебинар аясында қатысушылар осы жобаны дамыту бойынша нақты ұсыныстар мен идеялар алды.

Іс-шара диалог форматында өтті, педагогтер тек тыңдаушылар ғана емес, белсенді қатысушылар болды. Вебинар соңында Эльмира Рахманкуловна жән Галина Георгиевна катысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс, алғыс пікірлерін алды.