«Жаратылыстану ғылымдарының үздік оқытушысы – 2023» облысаралық байқауы

«Жаратылыстану ғылымдарының үздік оқытушысы – 2023» облысаралық байқауы

2023 жылғы 26 мамырда  ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Глубокое техникалық колледжімен бірлесіп, жаратылыстану пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Жаратылыстану ғылымдарының үздік оқытушысы – 2023» облысаралық байқауын өткізді.

Мақсаты - мамандарды даярлау сапасын арттыру; колледж оқытушыларының педагогикалық қызметіндегі шығармашылығын дамыту.

Байқау келесі кезеңдерден тұрды: «Эссе», «Менің әдістемелік идеям», «Инновациялық педагогикалық қызметтің презентациясы».

Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

Бас жүлде – Куспанова Лаура Узакбаевна («М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК);

І орын – Кусбекова Акмарал Шайкеновна («Бесқарағай колледжі» КММ);

ІІ орын – Мұқашева Жәйна Назымқанқызы («Авиценна» жоғары медициналық колледжі» білім мекемесі);

ІІІ орын –Слямова Асемгуль Тулюгеновна («Көлік колледжі» КМҚК).

Сондай – ақ, «Зерттеуші - оқытушы» - Торношенко Валентина Александровна («Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі» КММ), Балыкбаева Асемгуль Советкановна («Құрылыс колледжі» КМҚК) - «Өз пәніне деген құштарлығы үшін» номинация иегерлері анықталды.

Құттықтаймыз!