Психологтардың кәсіби құзыреттерін арттыру бойынша облыстық вебинар

Психологтардың кәсіби құзыреттерін арттыру бойынша облыстық вебинар

ШҚО білім басқармасы жүйелі негізде облыстың білім беру мекемелері психологтарының кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша шаралар қабылдауда.

Айта кетсек, облыстың 342 мектебінде 357 психолог жұмыс атқаруда, сондай-ақ, құрамына директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері кіретін әлеуметтік-психологиялық қызметтер жұмыс істейді.

2023 жылғы 24 мамырда облыстың жетекші психологы Л.П. Куземко балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша екінші қайтара мастер-класс өткізді. Вебинар аясында қатысушылар оқу орындарында педагог-психологтың рөлін нығайту, консультативтік дағдыларды арттыру бойынша пәрменді құралдар алды, ата-аналардың балаларды қолдау дағдыларын нығайту бойынша білім алды. Іс-шаралар нәтижесінде педагог-психологтар қолда бар дағдыларды бекітті, қауіп факторларын, суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтау бойынша білім мен практикалық дағдыларға ие болды.

Жалпы қамту 200 психологты құрады.

Іс-шара диалог форматында өтті, психологтар тек тыңдаушылар ғана емес, белсенді қатысушылар болды. Вебианар соңында Лилия Петровна катысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс, алғыс пікірлерін алды.