
2023 жылғы 22 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған вебинар өткізілді. Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері А.Болат «Аудан көлемінде дебат клубтары мен өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын үйлестіру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Әдіскер А.Болат аудандағы дебат қозғалысын дамытудың алғышарттарымен, бастауыш сыныптар арасында өткізілетін «еркін мінбер» сайысымен, мектеп Парламенті жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті. Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің тәлімгері А.Смагулова «Дарабоз» дебат клубының жұмыс жүйесімен таныстырып, оқушыларды дебатқа тарту жолдарымен бөлісті. Қаратал орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Оспанов, мектеп Парламентінің Президенті М.Бекназар, фракция жетекшісі А.Дәуренұлы өз тәжірибелеріндегі мектеп Парламентінің жұмысы бойынша тәжірибелерімен бөлісті.