
Мұғалім-барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін жандар. «Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Шынында да ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие- білім әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Ғалым да, батыр да, ақын да, шопан да, дихан да бәрі- ұстаздан білім, тәлім алған, сол себепті ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Бүгін біз Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ-нің неміс тілі пәнінің мұғалімі, шет тілдері жөніндегі директордың орынбасары, облыстың тіл пәндері мұғалімдерінің үздік озық тәжірибесін танытатын, педагог - зерттеуші Бояркина Юлия Леонидовна туралы жарияланымдар сериясынан тағы бір материал ұсынамыз.
Юлия Леонидовна 30 жыл бойы заман ағымынан қалмай үнемі өз білімін жетілдіріліп, дамудың жаңа жолдарын іздеуші. Зерттеу және жобалау қызметі, конкурстарға қатысу-мұның бәрі оның жұмысының ажырамас бөлігі.
Ол мұғалімнің ең маңызды қасиеті «оптимизм» деп санайды, қандай жағдай болсын шешімін таба білетін іскер маман. Қандай жағдай болса да қиындықтан шығу жолын үйретіп, өмірде тек алға жылжу керектігін ұстанады. Осы қасиетін балалар бойына сіңіруге тырысады. Мұғалімнің сабаққа қандай көңіл-күймен келуі көп нәрсені шешеді. Неғұрлым жағымды эмоциялар болса, оқушыларды қызықтыру оңайырақ болады. Баланың көңіл күйін сезіну, оның пікірін құрметтеу, сонымен бірге мұғалімнің қолдауына сену - мұғалімнің жұмысының шеберлігі.
Юлия Леонидовна өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін үнемі ізденісте жұмыс істейді. Ол Германияда (Штутгарт қ.) бір жылдық курста біліктілігін жетілдірді, сондай-ақ, Петропавл, Ташкент (Өзбекстан), Судак (Ресей), Дорнах (Швейцария), Кассель (Германия), Геппинген (Германия) қалаларында бірнеше рет қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
ШҚМУ және ҚАЕУ студенттерінің практика жетекшісі, сондай-ақ неміс тілі пәндік олимпиадаларының қазылар алқасының мүшесі, ШҚО білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау үшін емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеуші және сарапшы болып табылады. «Білім беру мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығының» неміс тілі бойынша оқулықтарының сарапшысы.
Оның оқушылары халықаралық конкурстардың жеңімпаздары.
Юлия Леонидовнаның оқушыларының экология туралы неміс тіліндегі мақалалары «DeutscheAllgemeine Zeitung» (Орталық Азия елдерінде - Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстанда басылған) басылымында жарияланды.
Республикалық бейнероликтер байқауында оның оқушысы Асқаров Алижанның жұмысы жүлделі орынға ие болды және неміс тілі мұғалімдерінің республикалық съезінде ұсынылды. 2022 жылы 4 оқушысы неміс тілі бойынша С1 - DSD II деңгейіндегі халықаралық тіл емтиханын сәтті тапсырды. Оның 3 оқушысының нәтижелері Қазақстандағы үздік 10-ға еніп, 1, 2 және 6-орындарға ие болды. Олардың екеуі байқауда жеңіске жетті және Германияда оқуын жалғастырады.
Қорыта келе, Юлия Леонидовна өзінің озық тәжірибесін жоғары деңгейлі мамандарды тәрбиелеуге және әр балаға өз жанының бір бөлігін беруге бағыттайтын ұстаз.
ҚР Құрмет грамотасымен және ҚР БҒМ грамотасымен марапатталған.