
Облыстағы әр мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл міндетті 20 жылдан астам уақыт бойы «№19 мектеп- қосымша білім беру орталығы» КММ жақсы орындап келеді.
Республикада алғашқылардың бірі болып тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалар үшін мектеп қолжетімді болды. Содан бері мектептің педагогикалық ұжымы инклюзивті оқытуды ұйымдастыру бойынша өте бай тәжірибе жинақтады.
Сондықтан 2019 жылы бұл мектеп көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту бойынша жетекші мектеп ретінде белгіленіп, мұнда «Дара» қорының қолдауымен көрмейтін балаларға арналған сынып ашылды.
Қазіргі уақытта мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 71 бала оқиды.
98 мұғалім білім беруде. Мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ТМД жетекші тифлопедагогтары Венера Закировна Денискина мен Наталья Петровна Шведовадан оқыған арнайы педагогтар: дефектолог-тифлопедагог, логопед, психологтармен жүргізіледі.
Мектепте «Саз терапиясы», «Голбол», «Үстел теннисі» сияқты қосымша білім берудің бірегей бағыттары іске қосылды.
Балалар сонымен қатар қосымша музыкамен айналысады. Халықаралық және республикалық музыкалық конкурстардың Гран-При иегері 6 сынып оқушысы Досымды атап өтуге болады, ол қазіргі уақытта өзінің оқытушысы А.С. Мұхамеджановпен кезекті облыстық музыкалық конкурсқа дайындалуда.
Ағымдағы жылдың 5 маусымында мектептің 4 оқушысы көрмейтін балаларға арналған үстел теннисінен Бірінші республикалық турнирге қатысады.
Оқушылар мен педагогикалық ұжымға табыс тілейміз!