Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталығының тәрбиеленушілері арасында «Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталығының тәрбиеленушілері арасында «Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды

2023 жылғы 10 мамырда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталығының тәрбиеленушілері арасында «Біздің таланттар" республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Аймақтың 35-ге жуық жас таланттары онлайн-байқауға 6 номинация бойынша қатысты: «Алтын дауыс», «Кішкентай декламатор», «Кішкентай биші», «Бастаушы әртіс», «Оркестр», «Бармағынан бал тамған» номинациялары бойынша өтті.

Онлайн-байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды:

«Алтын дауыс» номинациясы бойынша: 1 орынды Шемонаиха ауданының ППТК тәрбиеленушісі Самарская Полина, 2 орынды Күршім ауданының ППТК тәрбиеленушісі Сабыр Маржан, 3 орынды Өскемен қаласының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушісі Алмасова Айназ иеленді.

«Кішкентай декламатор» номинациясы бойынша: 1 орынды Өскемен қаласының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушісі Асетова Тахмина, 2 орынды Өскемен қаласының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушісі Кутубаева Арияна, 3 орынды Өскемен қаласының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушісі Гололобов Тимофей иеленді.

«Алтын биші» номинациясы бойынша: 1 орынды Күршім ауданының ППТК тәрбиеленушісі Қадырбаева Қазына, 2 орынды Зайсан ауданының ППТК тәрбиеленушісі Құрметұлы Арыстан иеленді.

«Бастаушы әртіс» номинациясы бойынша 2 орынды Шемонаиха ауданының ППТК «Ладошки» театралдық студиясы иеленді.

«Оркестр» номинациясы бойынша 1 орынды Шемонаиха ауданының ППТК «Особая музыка» балалар ансамблі иеленді.

«Бармағынан бал тамған» номинациясы бойынша Өскемен қаласының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушісі Ахмадиев Надир, 2 орынды Шемонаиха ауданының ППТК тәрбиеленушісі Денисюк Егор, 3 орынды Риддер қаласының ППТК тәрбиеленушісі Амиргалиева Аяулым иеленді.

Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары байқаудың республикалық финалдық кезеңіне онлайн форматта қатысады.

«Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, оларға денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз.