
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспар негізінде 2023 жылғы 15 мамыр күні онлайн әдістемелік Кеңес отырысын өткізді.
Кеңес отырысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық білім беру ұйымдары директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасарлары, «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша «Кәсіби даму институты» филиалының өкілдері және арнайы білім беру ұйымдарының басшылары және ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскерлері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ШҚО ББ мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Б.Ж. Қозыбаева және «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім сапасы мониторингі кабинет меңгерушісі А.Ж.Кантаева 2022-2023 оқу жылын аяқтау және облыстың білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы түсіндірме жасады.
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО көптілді білім беруді дамыту кабинетінің меңгерушісі М.И. Асанова көптілді білім беруді дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы айтты.
ШҚО ББ «Шығыс ӨО педагогикалық кадрлардың кәсіби құзіреттілігін дамыту кабинетінің меңгерушісі А.Т. Кенжебаева «Орта білім берудің үздік ұйымы -2023» конкурсын дайындау және өткізу туралы баяндады. Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі С.А. Багрий тәлімгерлік қызмет бағаты бойынша тәжірибесімен бөлісті.
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білімдік менеджмент кабинетінің меңгерушісі Э.Т. Шауменова тәлімгерлер жұмысының тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәлімдеді. Катонқарағай және Күршім ауданы бойынша ББ әдістемелік кабиент меңгерушілері Л.Қ. Умутбаев және Қ.Т. Слямова тәлімгерлік жұмыстарының барысымен бөлісті.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО бойынша «Кәсіби даму институты» филиалының әдіскері Л.В. Егорина 2023 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырудағы басым бағыттарына тоқталып, конкурс ережесінің талаптарымен және тіркелу тәртібінмен таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар жобасы қабылданды.
Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарына спикерлер толыққанды жауап берді.
Жауапты: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директорының орынбасары Абетаева Г.З.