Жас басшы кадрлар резерві мектебі-2023

Жас басшы кадрлар резерві мектебі-2023

2023 жылғы 11-13 мамыр аралығында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО  жылдық жоспарына сәйкес «Жас басшы кадрлар резерві мектебі» жобасы аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ  базаларында жас басшы кадрлар үшін  қорытынды төртінші сессиясы ұйымдастырылды.

Курс дәрістерін ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ директоры Мажинова Чинар Тылегеновна, және «№10 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Нурканова Сауле Толеухановна оқыды.

«Жас басшы кадрлар резерві мектебі» жобасы облыстың білім беру ұйымдарында басшылық жұмысқа дайын білікті мамандарды даярлау мақсатында әзірленген. Дәрістік және практикалық сабақтар арқылы жобаға қатысушылардың практикалық басқару қызметінің дағдылары қалыптасып, инновациялық қызметте тәжірибелері жинақталды. 2022-2023 оқу жылындағы курстың білім беру бағдарламасының нормативтік көлемділігі 96 сағатты құрады. Төрт сессиядан тұратын жылдық дайындық курстан басшылық резервіне алынған үміткерлер өтті.

Төртінші сессия барысында тыңдаушылар «Білім беру ұйымын қаржыландыру жоспары», «Бюджетті қазынашылық атқару шарттарында бюджеттік мекеменің бюджет қаражатын алу және жұмсау тәртібі. ЖШС-нің негізгі шығындарын бюджеттік сыныптаманың баптары мен ішкі тармақтары бойынша тағайындау», «Бюджеттік өтінімді жасау ережелері», «Ақылы қызмет көрсету тәртібі», «Тарификация жасау», «Жалақыны есептеу ережесі», «Мекемелердің бюджеттік есептілігі. Бюджеттік есептілік нысандары», «Бюджеттік мекемелерге салық салу», «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» тақырыптарын оқып үйреніп, болашақтағы жұмысқа қолдануға мүмкіндік алды.

Курс соңында 41 қатысушыға «Жас басшы кадрлар резерві мектебі» курсын аяқтағаны туралы сертификат табысталды.