
Бүгін «WorldSkills Shygys 2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. 29 негізгі құзырет бойынша 31 колледж студенттері мен жас мамандар жеңімпаз атанды. Үш күнге созылған чемпионат қатысушыларының жұмысын бағалау үшін кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері тартылды. WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған, сонымен қатар бүгінгі күнде білікті кадрларды даярлауда жаңа трендтер жасауда. Өңірлік чемпионаттың қорытындысы бойынша 1-ші жалпы командалық орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы иеленді. 2-ші жалпы командалық орынды Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің командасы, ал 3-ші жалпы командалық орынды Риддер колледжі мен Өскемен құрылыс колледжінің командалары иеленді. Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan-2023 республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болды.Өңірлік чемпионаттың барлық жеңімпаздарына республикалық чемпионатта сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңіс тілейміз!