
2023 жылғы 10 мамырда ақпараттық-насихаттау тобының жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы И. А. Чернышева Ново-Троицкое ауылында болды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауылды көркендендіруге қатысты мәселелерді көтерді (балалар алаңын салу, көшелерді жарықтандыру, жергілікті және облыстық маңызы бар жолдарды асфальттау).
Инесса Александровна өткен жылы білім беру және өзгеде әлеуметтік салалар бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сондай-ақ кеңес барысында көтерілген мәселелердің алдағы уақытта оң шешілуіне күш салатындыңын атап өтті.