
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы бастапқы әскери және технологиялық дайындық облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп, 2023 жылғы 10 мамырда алғашқы әскери және технологиялық дайындық курсын бітірген колледж студенттері арасында облыстық оқу-далалық жиындарын бастады.
Мақсаты: студент жастарды патриоттық тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау.
Жиындар 2023 жылғы 10 мамыр мен 02 маусым аралығында Катонқарағай ауданы Свинчатка ауылында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің практика базасында 4 кезеңде өткізіледі.