
2023 жылы 05 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жоспар аясында «Дене шынықтыру» оқу пәнінің даму перспективалары және оның адами тұлғаны тәрбиелеудегі рөлі» облыстық дөңгелек үстелді өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – педагогтердің дене шынықтыру пәнін оқытуда жаңа әдістерді қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастырып, педагогтердің кәсіби шеберлігін, танымдылық белсенділігін арттыру.
Іс-шараға аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және облыстық жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Шара барысында:
Исраилов Руслан Джабраилович, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Ауезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі «Влияние физических упражнений на успеваемость учащихся»;
Кыкманова Галина Александровна, Өскемен қаласы бойыншы білім бөлімінің «Облыстық математика, информатика, физика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Педагогическое мастерство учителя физической культуры - залог успеха в мотивации обучающихся к занятиям физической культуры и спортом»;
Серикова Жанерке Серикқызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 26 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі «Волейбол ойыны арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру»;
Ларионов Константин Александрович, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 12 мектеп-гимназия» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Формирование здорового образа жизни в процессе физического воспитания учащихся» тақырыптары бойынша әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушының тұлғалық ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды дайындау ерекшелігі бойынша іс-тәжірибелерін көрсетті.
Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде ұйымдастырылған кері байланыс арқылы қатысушылар пікірлерімен бөлісті, сұрақтарға жауап берілді, ұсыныстар қабылданды.
Модератор: Кемельбаева Шынар Увалиолдановна, ШҚО ББ«Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің АӘжТД, дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек пәні бойынша әдіскері.