Облыстық Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы

Облыстық Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы

2023 жылғы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Сараптама кеңесінің қарауына облыстағы білім беру ұйымдарынан барлығы 60 материал, оның ішінде 12 әдістемелік құрал, 38 авторлық бағдарлама, 5 дидактикалық материал, 5 элективті курс бағдарламалары келіп түсті.

Кеңес отырысы барысында  Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ  «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің меңгерушісі авторлық жұмыстарға қойылатын жалпы талаптармен таныстырып өтті.

Сараптамалық кеңес отырысының жұмысына 15 комиссия мүшелері қатысты,  ұсынылған материалдарды қарап, сараптамалық бағалау мен жұмыстар бойынша ұсыныстар берді.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңеске ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байсаринова Раушан Алтыбаевнаның «Инновационная  технология К.О. Битибаевой «Ой тастау, ойланту, ойлау» как фактор развития исследовательских навыков обучающихся  на уроках русского языка и литературы» 10-сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарламасы ұсынылды.

Сараптама кеңесінің хатшысы Даурембаева Ақмарал Қанағатқызы, ШҚО ББ  «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің әдіскері.