Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Аттестаттау комиссиясының отырысы 2023 жылғы 4 мамырда «Мектепке дейінгі білім беру және білім беру саласындағы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларына» сәйкес  директорлардың, орынбасарлардың және әдіскерлердің аттестаттау материалдарын қарау бойынша комиссия отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы  27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, қосымша білім беру және арнайы оқу бағдарламаларының, білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік қызметшілердің білім беру бағдарламалары аясында өткізілді.

Комиссия техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан, «Дарын» орталықтарынан аттестаттауға  21 азаматтың құжаттарын қарады.Жаңартылған ережеге сәйкес 2 директормен әңгімелесу өткізілді. Басқа үміткерлердің аттестаттау материалдары сырттай қаралып, қорытындысы шығарылды.