«Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы» еңбекті қорғау бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы

«Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы» еңбекті қорғау бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы

2023 жылғы 2 мамырда «Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы» еңбекті қорғау бойынша облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиада  ШҚО білім беру басқармасы және Алтай қаласының технологиялық колледжімен бірлесіп, колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Олимпиаданың 1 және 2 турларында қатысушылар GoogleForms бағдарламасында электрондық тестілеуден өтіп, ситуациялық есептерді шығарды. 3-турда қатысушылар «Мамандық бойынша қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бейнеролик жасады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлері анықталды:

1 орын  - Шанцев Данил Романович (Алтай қаласының технологиялық колледжі);

2 орын - Бобров Артур Николаевич (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

3 орын - Власов Дмитрий Павлович (Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі).