
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 28 сәуірде Катонқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтерінің жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша облыстық әдістемелік қонақжайын өткізді.
Әдістемелік қонақжайға аудан/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері және педагогтері қатысты. ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Темирбекова Жадыра Саулетовна ауданның бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің жұмыс жүйесімен таныстырып, баяндама жасады.
Шара барысында ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ, «Қ.Дамитов атындағы орта мектебі» КММ, «Қызыл-Жұлдыз негізгі орта мектебі» КММ, «С.Ластаев атындағы орта мектебі» КММ, «Балбөбек» бөбекжайының, «Айгөлек» бөбекжайының, «Күншуақ» балабақшасының, «Балдырған» бөбекжайының педагогтері мен тәрбиешілері шеберлік сыныптар, ашық сабақтар, жоба жұмыстары, сабақтан тыс іс-шаралар көрсету арқылы тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның кері байланысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, әдістемелік қонақжайдың жоғары кәсіби деңгейде өткенін, ұсынылған ашық сабақтардан, шебер сыныптардан, көрсетілген жоба жұмыстарынан алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа технологиялар бойынша тиімді әдістемелік қолдау алғандарын атап өтті.