Білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті

Білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасында білім басқармасының басшысы Инесса Чернышёваның төрағалығымен Білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді.
Жиынға арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың директорлары қатысты.
Кеңесте келесі мәселелер қаралды: педагогтарды аттестаттау, ҰКП-дағы өзгерістер, қаржылық тәртіп, өтініштерді уақытылы қарау, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал.
Кеңесті қорытындылай келе, Инесса Александровна білім беру мекемелерінің басшылары мен жауапты мамандарды айтылған ескертулер бойынша белгілі бір қорытынды жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға шақырды. Сондай-ақ, бірқатар тиісті ұсыныстар айтылды, олардың орындалуы басшылық тарапынан қатаң бақыланатын болады.