«Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның рөлі» әдістемелік -тәжірибелік семинар

«Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның рөлі» әдістемелік -тәжірибелік семинар

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 27 сәуірде облыстың жалпы білім беретін оқыту тілі орыс тілі мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның рөлі» әдістемелік -тәжірибелік онлайн - семинар өткізілді.

Семинарға аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері құрамынан  барлығы 70 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты - тарихты оқытуда білім алушылардың оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру, тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде қолдана алу бойынша іс-тәжірибемен бөлісу, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету

Шара барысында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Кері байланыста қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын жеткізді.

Жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері