«Үздік тәлімгер – 2023» облыстық байқауы

«Үздік тәлімгер – 2023» облыстық байқауы

Тәлімгер-педагогикалық қызметте практикалық тәжірибесі бар, оқытудың үздік әдістемелерін, оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген және тәлімгерлікті жүзеге асыратын орта білім беру ұйымының педагогі.

2023 жылдың 27 сәуірінде «Үздік тәлімгер – 2023» облыстық байқауы басталды. Байқаудың облыстық кезеңіне 8 педагог-тәлімгер және 2022-2023 оқу жылында алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен аудандық және қалалық білім беру ұйымдарының 8 жас педагогтері қатысты.

Байқау педагогикалық тәлімгерліктің үздік тәжірибелерін анықтауға, облыстың білім беру ұйымдарында мұғалім-тәлімгерлер қызметінің тиімділігін арттыруға және жандандыруға, жас педагогтерді білім беру жүйесінде бекіту мақсатында бейімдеу үшін жағдай жасауға бағытталған.

Қатысушылар тәлімгерлік қызметтің нәтижелерін растайтын портфолио және тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру процесін көрсететін бейнематериалдар ұсынды. Облыстық байқаудың  іштей кезеңінде педагог-тәлімгер жас педагогпен жұмыс істеудің әдістемелік тәсілдерін қолданып «Мен өзімді білемін және басқаны үйретемін» шеберлік сыныбын көрсетті, ал жас педагогтер педагог-тәлімгер берген тәжірибені практикада пайдалана отырып, «Мен оқимын және қолданамын» бейнежазбасы арқылы өздерінің педагогикалық идеясын таныстырды.

Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды анықтады:

І орын – ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ;

ІІ орын -  ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Островский атындағы №4 орта мектеп» КММ;

ІІІ орын -  ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Аршаты орта мектебі» КММ.