«Бір шаңырақ астында» студенттер фестивалі

«Бір шаңырақ астында» студенттер фестивалі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 27 сәуірінде Өскемен қаласы "Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі " КММ базасында, ТжКББ студенттеріне арналған «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты - студент жастарды Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне тарту. Фестивальдің негізгі міндеті - студенттердің бойында бейбітшілікті сүюді, ұлтаралық келісімді қалыптастыру, Отанымыз туралы білімді тереңдету және кеңейту; жас ұрпақты қоғамның рухани және адамгершілік бірлігінің құралы ретінде ұлттық мәдениеттің қайнар көзіне тарту; студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; студенттердің басқа ұлт адамдарының өміріне, олардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнеріне қызығушылығын қалыптастыру.

Фестиваль ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, "Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі" КММ, «Өскемен құрылыс колледжі» КММ.

Фестиваль offline-форматта өтті.

Фестивальға ШҚО-ның 21 колледжінен 120 студент қатысты.

Фестивальға қатысушыларды «Шашу» қазақ қонақжайлылығымен және «Нан-тұз» орыс дәстүрімен қарсы алды.

Студенттерді фестивальдің ашылуымен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Чернышёва И.А.

Халықтар достығы фестивалінде колледждердің дарынды студенттері өз шығармашылықтарын ұсынды. Қатысушыларға, көрермендер мен қонақтарға түрлі халықтардың 21 ұлттың өнерін, шығармашылығын білуге мүмкіндік беріледі. Фестиваль аясында жастардың бойында патриотизм, толеранттылық сезімі қалыптасты, өз елі, өз халқы үшін мақтаныш сезімі, басқа халықтардың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын құрметтеу дағдылары қалыптасты.