
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 26 сәуірде Катонқарағай ауданының қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын ынталандыру» облыстық практикалық семинарын өткізді.
Семинарға облыстың қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері қатысты.
ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Оралова Гулнара Садыковна Катонқарағай ауданы бойынша қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс жүйесімен таныстырып, баяндама жасады.
Семинар барысында ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің Үлкен Нарын ауылындағы «Балалар музыка мектебі» КМҚК, Үлкен Нарын ауылындағы «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК және Катонқарағай ауылындағы «Жас туристер станциясы» КМҚК, Катонқарағай ауылындағы «Балалар музыка мектебі» КМҚК педагогтері шеберлік сыныптар, ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар көрсету арқылы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың бағдарламасы бойынша келген қонақтар Берел қорғанына саяхатқа барды.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, семинардың жоғары, кәсіби деңгейде өткенін атай кетіп, ұсынылған шебер сыныптардан алған әсерлерімен бөлісті, жаңа технологиялар бойынша тиімді әдістемелік қолдау алғандарын атап өтті.
Модератор: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.