Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің бірлескен мәжілісі өтті

Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет және Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің бірлескен мәжілісі өтті

2023 жылғы 25 сәуірде бейнеконференцбайланыс арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің бірлескен кеңесі өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ШҚО әкімі аппаратының басшысы Бақытжан Байахметов, ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департамент басшысы Денис Шакенов, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев, Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы З. Махсұтова қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар орта білім беруді қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен сыртқы талдау жүргізу туралы шешім қабылдады.

Кеңес қорытындысы бойынша ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен білім басқармасы сыбайлас жемқорлыққа ұқсас сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.