
Тарихи картаны пайдалану білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 26 сәуірде тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында оқушының танымдық- зерттеушілік белсенділігін арттыруда картографияның рөлі» әдістемелік -тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарға аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері құрамынан барлығы 70 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты - тарихты оқытуда білім алушылардың оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру, тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде қолдана алу бойынша іс-тәжірибемен бөлісу, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету
Шара барысында: Нурбекова Р.К., С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты (Ph) «ХVІ-ХІХ ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті» тақырыбында баяндама жасады ;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімдері : ашық сабақтар ,шебер-сыныптар өткізіп іс-тәжірибелерімен бөлісті.
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасының оқу залының қызметкері Ошан Мәулипа Ошанқызы «Қазақ мемлекеттілігі жөніндегі жаңа атластар жиынтығы» көрме ұйымдастырды.
Кері байланыста қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын жеткізді.
Жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері