«АСБ бар балалармен дағдарыстық мінез-құлықты болдырмау технологиясы» облыстық семинары

«АСБ бар балалармен дағдарыстық  мінез-құлықты болдырмау технологиясы» облыстық семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Аутизмі (аутистік спектірдің бұзылуы) бар балаларды қолдау» орталығы бірлесіп, 2023 жылдың 26 сәуірінде «АСБ бар балалармен дағдарыстық мінез-құлықты болдырмау технологиясы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинар барысында Аутизм орталығының мамандары АСБ бар балалармен дағдарыстық мінез-құлықтың алдын алу МСРР технологиясы бойынша теориялық және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.              

Аталған іс-шараға 30-дан аса педагог қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды. 

Шара соңында орталыққа экскурсия жасалды. Кері байланыс барысында іс-шараның өзектілігі аталып өтті.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері Кубентаева А.К.