Сыбайлас жемқорлыққа қатысты семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты семинар

2023 жылғы 27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің аға офицері Гүлнұр Айтқұрманқызы Бекбаева Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшыларымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді іс - шаралар жоспарын орындау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ білім бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің аға офицері Гүлнұр Айтқұрманқызы Бекбаева кешенді жоспардың әрбір тармағын таныстырып, түсініктеме берді. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Иннеса Александровна Чернышёва сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша толық түсініктеме берді.

  Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлық туындаған сұрақтары бойынша спикерлермен толық жауаптар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.