ШҚО МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ

ШҚО МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ

2023 жылғы 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында 71 мектепте Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу үш бағытта кешенді компьютерлік тестілеу форматында жүргізіледі: оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Аталған шараға 4 және 8 сынып оқушылары қатысады.

Мониторинг функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға және алған білімдерін мектеп қабырғасында және өмірлік жағдайларда қолдана білуге бағытталған.

Кешенді тестілеу кезінде Академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің аумақтық департаменттерінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының және педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметкерлері тартылды.

Сондай-ақ, тестілеу мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайтынын және білім алушы үшін де, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары болмайтынын атап өтеміз.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!