Шайбалы хоккейден Қазақстан оқушыларының ХІ қысқы Гимназиадасында Шығыс Қазақстан облысының жас спортшыларының жеңісі

Шайбалы хоккейден Қазақстан оқушыларының ХІ қысқы Гимназиадасында Шығыс Қазақстан облысының жас спортшыларының жеңісі

2023 жылғы 17-22 сәуір аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында шайбалы хоккейден Қазақстан оқушыларының ХІ қысқы Гимназиадасы өтті.

Облыс атынан 2 команда қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша адал және ымырасыз күресте Шығыс Қазақстан облысының жас хоккейшілері І және ІІІ орынды жеңіп алды.

Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз!