«Жас басшы кадрлар резерві мектебі-2023» үшінші сессиясы

«Жас басшы кадрлар резерві мектебі-2023»  үшінші сессиясы

2023 жылғы 20-22 сәуір аралығында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Жас басшы кадрлар резерві мектептері» жобасы аясында «Басқарудың құқықтық негіздері. Құқықтық өзара іс-қимыл және кадрлық жұмыс негіздері» атты үшінші сессия өтті. Курс дәрістерін ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Мұхтарханова Раушан Абайқанқызы  және ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің   «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ директоры Карибаева Мархаббат Камелхановна оқыды.

Резерв мектебінің мақсаты - облыстың білім беру ұйымдарында басшылық жұмысқа дайын білікті мамандарды даярлау.

Курс бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерін қамтыды. Теориялық бөлімде дәріскерлер курсанттарды нормативтік-құқықтық құжаттармен, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтарымен және білім беру ұйымдарының құрылтай құжаттарымен таныстырды.

Практикалық бөлімде қатысушылар үй тапсырмасын орындады, мектепті дамытудың стратегиялық жоспарын жасады, еңбек дауларын талқылады, курс аяқталғаннан кейін нормативтік-құқықтық актілер бойынша жобаны ұсынды және қорғады.

Резерв мектебінің қатысушылары жұмысты жалғастыруда тағы бір мәрте қажетті және пайдалы ақпараттарды алды.

Жас басшы кадрлар резерві мектебінің  соңғы сессиясы ағымдағы жылдың мамыр айында өтеді.