«Мен зерттеушімін» облыстық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауы

«Мен зерттеушімін»  облыстық мектепке дейінгі жастағы  балалар байқауы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстық мектепке дейінгі жастағы балалар арасында «Мен зерттеушімін» атты байқау өткізіді.

Байқаудың мақсаты:  қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, қарапайым экологиялық ұғымдарды қалыптастыру.

Байқау комиссиясы 12 жұмыс қарады.

Байқаудың Ережесіне сәйкес қатысушылардың ізденіс және зерттеу барысы бойынша түсірілген бейнематериалдары, зерттеу жобасының мәтіндері зерттеу тақырыбының баланың жасына сәйкестігі; таңдаған тақырыбының ашылуы; ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережелерінің     сақталуы; зерттеу жұмысына қолдау көрсетудегі педагогтің кәсіби шеберлігі; зерттеу нәтижесінің бала үшін маңыздылығы; ата-ананың пікірі; педагогтің жасаған қорытындысына баса назар аударыла отыра,  конкурс комиссиясы шешімімен жеңімпаздар анықталды:

І орын-  ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша  білім бөлімінің «Айнабұлақ» орта мектебі» КММ;

ІІ орын-Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша  білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-бақшасы» КМК;

ІІІ орын- Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Алёнушка» балабақшасы» КМК.

Аталымдар:

«Тапқыр зерттеуші» - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса -Балғын»бөбекжайы» КМҚК;

«Жас эколог» - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша  білім   бөлімінің «Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі» КММ;

«Креативті жұмыс» - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектебі» КММ;

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Шығыс» өңірлік орталығының дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.