
ШҚО білім басқармасы «Бұқаралық іс-шараларға еріктілерді ұйымдастыру технологиясы» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар тақырыбы кездейсоқ таңдалмады, себебі еріктілер қозғалысы оқушылардың бойында әлеуметтік маңызды қасиеттерді, жауаптылықты, ұйымшылдықты, балалар ұжымында команда құруды, толеранттылықты, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, өзара көмек пен өзара қолдауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Глубокое ауданының Прогресс мектебі оқушылар арасында еріктілер қозғалысы қызметінің үздік тәжірибесімен бөлісті, семинарға қатысушыларды жалпы білім беретін мектептерде еріктілер қозғалысы қызметін ұйымдастырудың пәрменді технологияларымен таныстырды.
Облыс мектептерінің директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тәлімгерлері, педагог-ұйымдастырушылары 100 адам әріптестерінің жұмысын идеяның пайда болуынан бастап оны іске асыруға, еріктілер бірлестігін құруға дейін қызығушылықпен зерттеді. Семинарға қатысушылар еріктілер қозғалысының жұмысы жолға қойылғанына және жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанына көз жеткізді, бұған еріктілер бірлестігінің жабдықтарының болуы, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз тұратын ауыл тұрғындарына қамқорлық жасаудан басталатын қызметтің кең ауқымы, сондай-ақ балалар үйлеріне көмек көрсету, СӨС насихаттауда Денсаулық сақтау ұйымдарына жәрдемдесу, ағартушылық қызмет және тағы басқа бағыттар дәлел бола алады.
Айта кетейік, жабдықтар аудандық жобаға балалардың өздері қатысуының арқасында жасалған.
Іс-шара соңында қатысушылар осы оқу орнында еріктілер қозғалысының қызметін ұйымдастыруға бейресми көзқарасты атап өтіп, іс-шараның мазмұны, танымдылығы туралы пікірлерімен бөлісті және алғыстарын білдірді.