Елімізде қайырымдылыққа қатысты сан алуан іс-шаралар өтіп жатады. Сондай шараның бірі- еліміздің түпкір түпкірінде жүріп жатқан «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ерекше атап өтуге болады.
Биыл Ұлан ауданның 31 мектебінің оқушылары «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына қатысып, мектеп қабырғаларында жәрмеңкелер ұйымдастырып, жиналған қаражатты Өскемен қаласында орналасқан «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ мен «Үміт» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілеріне сыйлауды шешті.
2023 жылдың 19 сәуір күні қос ұйымының тәрбиеленушілеріне музыкалық аппаратура, спорт тауарлары, жеміс- жидекке толы себет пен тәттілер сыйға берілді. Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – деген нақыл сөз бар.
Ата-ана қамқорлығынан айрылған тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсеткен Ұлан ауданының оқушыларына алғыс білдіреміз.