
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 19 сәуірде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп кітапханасының үздік жобасы - 2023» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - тиімді жұмыс істейтін мектеп кітапханашыларын анықтау, қолдау және көтермелеу, жалпы білім беру мекемелері кітапханаларының тиімді және инновациялық жұмыс тәжірибесін танымал ету және тарату, кітапхана мамандығының беделін арттыру.
Байқауға 10 мектеп кітапханашылары-байқаудың аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
Байқау комиссиясы қатысушылардың жобаларына бағалау жүргізіп, «Мектеп кітапханасының үздік жобасы – 2023» облыстық байқауының жеңімпаздарын анықтады:
I орын - 1 жоба, II орын – 1 жоба, III орын - 3 жоба және «Үздік өлкетанушы» номинациясы - 1 жоба.
Жеңімпаздар дипломдар және грамоталармен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда, оқушылардың оқу белсенділігі мен сауаттылығын дамытуда жемісті жұмыс тілейміз!