«Рухани құндылық-ұлт қуаты» облыстық семинар-практикум

«Рухани құндылық-ұлт қуаты»  облыстық семинар-практикум

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық  жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 14 сәуірінде Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтер үшін «Рухани құндылық-ұлт қуаты» атты облыстық семинар-практикумы өткізілді.

Семинар барысында:

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскер Кубентаева Ардак Курмангазиновна, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою, оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқы мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет қағидалары туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген 25.08.2022 жылғы №377 бұйрығына тоқталды.

Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Ластаев атындағы орта мектебі» КММ педагогтері заманауи білімге ие тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды меңгерген, бәсекеге қабілетті, дені сау ұрпақты тәрбиелеудегі табысты жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыстағы білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагогі қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.

Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.  

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.