
ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан білім берудегі жаңа технологиялар орталығының Digital Studio-да 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында білім беру бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, ШҚО әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Білім беру мекемелерінде қауіпсіздік жүйелерінің жұмыс істеуін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен, қауіпсіздік саласында жүзеге асырылатын іс-шаралармен ШҚО ББ ҰБО ББО ШҚ ББО директорының орынбасары Ж.Т. Сағандықова таныстырды.
ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Сайлауханов Елнұр Елжанұлы террористік тұрғыдан осал объектілер үшін құжаттаманы ресімдеу ерекшеліктері және ТТОО объектілеріне қойылатын талаптардың сақталуына тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар туралы айтып берді.
Білім беру ұйымдарын жедел басқару орталықтарына және полицияның кезекші бөлімдеріне сервистік модель форматында қосу туралы ұсынысын «Қазақтелеком» АҚ филиалы Шығыс БЖК макроөңірінің коммерциялық директорының м.а. Дамир Маратұлы Нұртаев ұсынды.
Мамандандырылған күзет қызметтерінің жұмысы және білім беру ұйымдарында дабыл түймелерінің жұмыс істеуі туралы полиция подполковнигі Әсел Хамитқызы Бакитаева, ШҚО ПД күзет қызметін бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы хабардар етті.
Кеңес соңында білім бөлімдерінің басшылары проблемалық мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын белгіледі.