
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 14 сәуірде ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты» КММ-мен бірлесе КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор, «Құрмет» орденінің иегері ұлағатты ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегіне арналған «Тағылымы мәңгі ұлт ұстазы» өңіраралық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаеваның қазақ әдебиетін оқытудағы зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға деген оқушы қызығушылықтарын арттыру, танымын белсендірудегі еңбек жолы мен педагогикалық мұрасын насихаттау. Қазақ педагогикасындағы шығармашылық ізденістерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Семинарға Астана, Алматы қалалары, Жетісу, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары жоғары оқу орындарының профессорлық – оқытушылық құрамы, Қ.Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекшілері, жалпы орта білім беретін мектептердің пән мұғалімдері, жас мамандар қатысты.
Шара аясында «Өнегелі өмір» бейнеролик, «Дәуірдің дара ұстазы» атты жылжымалы керуен, «Ғұмырыңыз өнеге екен таусылмас...» тақырыбында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мектеп оқушыларының қатысуымен «Жас қалам» үйірме мүшелері «Еңлік-Кебек» пьесасынан сахналық қойылымдар қойып, ұстаз еңбегінің өміршеңдігін танытты.
Ұстаздың еңбегін жалғастырушы шәкірттері өзіндік ойлары, зерттеулер, ізденіс, естеліктерімен бөлісті.
Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков – қоғам қайраткері, ұстаздың алғашқы шәкірті. Қ.Бітібаеваның ұстаздық болмысы «Ұлыны ұлы тұтса, құт болар»;
Картаева Айжан Маратбекқызы – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ұстаздың шәкірті «Ұстаз өткізген «Адамзаттың Айтматовы» әдеби кеші туралы естелік»;
Касенов Сакен Токанович – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты «Ұстаз тағылымы: Темірқазық»;
Сейсенбаева Жадыра Шарифхановна – «Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының «Педагогика» ғылымының магистрі, Халықаралық Бакалавриат бағытындағы Дипломдық бағдарлама бойынша «Әдебиет» курсының және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, сарапшы, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау мен бағалау тренері, Lesson study тренері «Қ.Бітібаева сабақтары - оқушыларды шығармашылыққа баулу зертханасы»;
Исаева Светлана Нұрғазықызы - Жетісу облысы білім басқармасы Талдықорған қаласының «№19 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Ы.Алтынсарин медалінің иегері «Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесіндегі ұстаздық ұстанымы, тағылымы».
Семинардың бағдарламасы «Қанипа Бітібаеваның атаулы зертханасы- шығармашылық ізденіс пен озық тәжірибенің орталығы», «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясының өміршеңдігі», «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы-интеллектуал ұрпақ қалыптастырудың мектебі» бағыттары бойынша шеберлік сыныптарымен жалғасты.
Жалпы орта білім беретін мектептердің пән мұғалімдері, атаулы зертхана жетекшілері шығармашылық жұмыстарымен, ұстаз еңбегін насихаттаудағы өзіндік ізденістерімен бөлісті.
Іс-шараға қатысушы жас мамандар ұстаз еңбегінің тағылымы мен тәрбиелік мәнінің зор екендігіне көз жеткізді.
Семинар соңындағы рефлексияда қатысушылар өз ойларымен, эмоцияларымен бөлісті.
Семинарда тәжірибесімен бөліскен спикерлерге алғыс хат, қатысушы жас мамандарға сертификат табысталды.
Жауапты - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Билялова