
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 13 сәуірде «Үздік әлеуметтік педагог-2023» облыстық байқауын өткізді.
Байқау облыстағы әлеуметтік педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарлату, шығармашылық әлеуетін толық жүзеге асыру және әлеуметтік мәртебелерін арттыру мақсатында өткізілді.
Байқауға Алтай, Самар, Тарбағатай, Катонқарағай, Ұлан, Күршім аудандары мен Риддер қалаласынан өңірлік кезеңдердің жеңімпаз әлеуметтік педагогтері қатысты.
Байқаудың комиссия мүшелері тарапынан қатысушылардың электрондық портфолиосы қаралып, ұсынылған әлеуметтік жобалары мен әдістемелік әзірлемелерінің таныстырылымдары бағаланды.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар мен аталым иегерлері диплом және грамоталармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!