
2023 жылғы 14 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ базасында «Ауыл мектебі» жобасы аясында оқушылардың жобалық-бағдарланған жұмыстарын енгізу арқылы жетістікке жету жолдары» атты облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты-шығармашылық тұлғаны дамыту шарты ретінде оқушылардың жобалық-бағдарланған іс-әрекетін пайдаланудың практикалық тәжірибесін жинақтау.
Семинарға Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері, облыс мектептерінің директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты.
Тәжірибелік семинар бағдарламасы бойынша 6 ашық сабақ ұсынылды (бастауыш сыныптарда дүниетану, орыс тілі, 10 сыныпта химия сабағы, 5 сыныпта жаратылыстану, 11 сыныпта математика, 6 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті), 5 шебер-сынып пен коучингтер өткізіліп, 31 жобамен таныстырды.
Семинар барысында келесі ашық сабақтар көрсетілді:
Каракатова Г.С., химия пәнінің мұғалімі, 10-сыныпта «Качественная реакция на насыщенность связи» зертханалық жұмысын көрсетті;
Қарақатова Г. С., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 6-сыныпта «Абай-лирик ақын» тақырыбы бойынша;
Конуров А. К., жаратылыстану пәнінің мұғалімі «Экологические проблемы Казахстана» 5 «Б» сыныпта;
Таскаинова Ж. Ж. математика пәнінің мұғалімі және Жумобаева А. И. информатика пәнінің мұғалімдері 11-сыныпта «Применение математических методов к решению инженерных и экономических задач» тақырыбында бинарлық сабақ;
Булекпаева А. К., бастауыш сынып мұғалімі, 3 «Б» сыныпта «Главные члены предложения» тақырыбында;
Краскова Т. Ю. бастауыш сынып мұғалімі, 1 «А» сыныбында «Мое здоровье. Личная гигиена».
Сабақтарда мұғалімдер жобаға бағытталған іс-әрекеттің элементтерін қолданды, аймақтық компонентке назар аударды. Жаңартылған кабинеттердің ресурстарын пайдалана отырып, зертханалық жұмыстар, сабақ-практикум, жалпылау сабағы, бинарлық сабақ және жаңа материалды зерттеу сабақтары өткізілді. Өткізілген сабақтарда оқу жиынтықтары – кейстер, зерттеу элементтері, ішінара іздеу әдістері, критериалды бағалаудың әртүрлі түрлері және оқытудың белсенді әдістері қолданылды. Мұғалімдер Г.Б. Шакиртова, М. Б. Кабышева, Д. К. Кадыр, А.К. Сеитова сыныптан тыс жұмыстар бойынша шебер-сыныптарын өткізді. Сонымен қатар, мектеп кітапханашысы С.Қ. Құнанбаева. «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы бойынша шебер-сынып ұйымдастырды.
Мектеп оқушының жобаға бағытталған іс-әрекетінің нәтижелілігі мен тиімділігін көрсететін 31 жобалық жұмысты ұсынды. Жобалар оқушылардың шығармашылығы мен зерттеу дағдыларын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал ететін түрлі бағыттарды қамтиды. Зертханалық жағдайда кәдесыйлар, сәукеле, сабын, шам және қағаз жасау жөніндегі жұмыстарымен «Чудесная мастерская» және «Магия науки» шеберханалары ұлттық қолөнерді дамыту бойынша жұмыстарын көрсетті.
Қатысушылар жетекші, тәжірибелі мектеп тренері Л. Б. Аблекенова жүргізген «Проектно-ориентированное обучение как эффективный способ достижения успеха в обучении» коучингіне қатысуға кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге, арттыруға мүмкіндік алды.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар мектеп ұжымына жобаны іске асыруда шығармашылық табыс тілей отыра, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджмент кабинетінің әдіскері Бошаева Г.М.