«Туған ел. Туған жер. Туған глобал» атты Қазақстан тарихы, өлкетану және археология бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

«Туған ел. Туған жер. Туған глобал» атты Қазақстан тарихы, өлкетану және археология бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Туған ел. Туған жер. Туған глобал» атты Қазақстан тарихы, өлкетану және археология бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды тарихи сананы қалыптастыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан тарихы, өлкетану білімі мен зерттеулеріне тарту.

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен  10-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада 2 айналым бойынша өтті:

1 айналым – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырмаларын шешу;

2 айналым – «Ұлы Даланың тарихи келбеті» ғылыми жобалар байқауы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша  20 оқушы жүлделі орынға ие болды (І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар – 4, ІІ дәрежелі – 7,  ІІІ дәрежелі - 9).

Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын

жетістіктерімен құттықтаймыз!

Болашақта тағыда жеңістер тілейміз!