
Қосымша білім беру жүйесіндегі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибе алмасуда, балаларға рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық тәрбие беруде, озық ойлайтын, шығармашыл, белсенді және талантты балаларды анықтауда алар орны ерекше, еңбектері зор.
ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 12 сәуірде «Қосымша білім берудің үздік педагогі-2023» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Байқаудың мақсаты – педагогтің мәртебесін арттыру және қосымша білім беруде шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
Байқау бөлімдері балалармен педагогикалық іс-шаралар өткізу практикумынан және әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы шеберлік сыныбы бойынша ұйымдастырылды.
Байқау көркем бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылық, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық, робототехника, экологиялық-биологиялық, өлкетану-туристік, музыкалық, хореографиялық бағыттарын қамтыды.
Байқау комиссиясы қатысушылардың жұмысына бағалау сараптамасын жүргізіп, «Қосымша білім берудің үздік педагогі-2023» облыстық байқауының жеңімпаздарын анықтады.
Комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды: Бас жүлде – 5, I орын - 7, II орын - 4. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Оқушылардың оқу белсенділігі мен сауаттылығын дамытуда, шығармашылық қызығушылықтарын арттыруда, өнерге баулуда, рухани-адамгершілік құндылықтардың негізін қалауда жемісті еңбек тілейміз!