
Шығыс Қазақстан облысында 342 жалпы білім беретін мектептің 196-сы шағын жинақты мектептер. Өңірдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты білім алушылар контингенті аз, сынып-жиынтықтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше нысаны бар, яғни шағын жинақты мектептер болып табылады. Негізінен олардағы оқушылар саны 30-40 баладан аспайды.
2023 жылы әкім Д. К. Ахметовтың тапсырмасы бойынша облыста «Мобильді мұғалім» жобасын іске асыру басталды.
Жобаның мақсаты - шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан білім беру мекемелерін педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.
Мобильді мұғалім - ШҚО-ның шалғай елді мекендерінде орналасқан білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметті жүзеге асыратын жоғары білікті педагог қызметкер.
Самар ауданының ШЖМ-інде негізгі пәндерден мұғалімдерге қажеттілік туындады. Осы қажеттілікті жою мақсатында Самар ауданы «Мобильді мұғалім» жобасын іске асыруда.
ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққала ауылының мектеп-балабақша» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор Ахмадиева Әйгерім Тастанбекқызы шалғайдағы Қараөткел ауылының негізгі мектебінде 5,6,7,8 сынып оқушыларына барып ағылшын тілі пәнінен сабақ жүргізеді.
Білім беру саласын дамытуға өз үлесін қосатын іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеті бар білікті қызметкер. Сабақтарда оқытудың тиімді әдістері мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқушының тұлға болып қалыптасуында оқу-тәрбие жұмысында жүзеге асырады. Әріптестер арасында құрметке ие.
Жұмыс барысында аудан деңгейінде мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Оның шәкірттері ағылшын тілі бойынша аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылады.
Қараөткел мектебінің оқушылары мен ата-аналары бұл жобаға үлкен үміт артады, өйткені оны жүзеге асыру ағылшын тілі бойынша білім алуға мүмкіндік береді.