
Озық педагогикалық тәжірибе - бұл үздік педагогикалық нәтиже беретін шығармашылық ізденіс, жаңашылдық, өзіндік ерекшелік, мұғалімнің жоғары шеберлігі элементтерін қамтитын тәжірибе.
2023 жылғы 10 сәуірде ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ базасында органикалық заттарға сапалы реакциялар туралы білімді жалпылау және жүйелеу, органикалық заттарды ұтымды анықтау дағдыларын дамыту, химиялық экспериментті орындау техникасын жетілдіру мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып «Эксперименттік есептерді шешу» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Лушпай Ирина Антоновнаның ашық сабағы өткізілді. Сабақ 11 сынып оқушыларына практикалық жұмыс түрінде өтті.
Лушпай Ирина Антоновна педагог-зерттеуші, өзінің педагогикалық қызметін лицейде 25 жылдан бері жүргізіп келеді. Ол «8-11 сыныптардағы химия пәні бойынша күрделі және стандарттан тыс есептерді шешу» курсы бойынша бағдарлама (2011ж), «Химияның өзекті міндеттері» курсы бойынша бағдарлама (2014ж), «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып Химиялық эксперимент» курсы бойынша бағдарлама (2012ж) әзірледі және сынақтан өткізді.
Ирина Антоновнаның оқушылары жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық химия пәні бойынша олимпиадаларында жүлделі орындардың иегерлері болып табылады. ШҚУ-нің жыл сайынғы «Химиялық калейдоскоп» турнирінің қатысушылары бола отырып, мектеп командасы 8 жыл бойы жүлделі орындарға ие болды.