«АСБ бар балаларға арналған білім беру, спорттық-тәрбие және бос уақыт бағдарын ұйымдастыру» дөңгелек үстел

«АСБ бар балаларға арналған білім беру, спорттық-тәрбие және бос уақыт бағдарын ұйымдастыру»  дөңгелек үстел

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Аутизмі (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (Autism-орталығы)» КММ Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне (2 сәуір) арналған айлық аясында 2023 жылдың 7 сәуірінде «АСБ бар балаларға арналған білім беру, спорттық-тәрбие және бос уақыт бағдарын ұйымдастыру» мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Шараға облыстағы білім беру ұйымдарының 30 дан астам педагогі және ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері А.К. Кубентаева қатысты.

Іс-шараны ШҚО ББ қорғаншылық, қамқоршылық және интернаттық ұйымдар бөлімінің бас маманы Г. О. Бошакова алғы сөзімен бастады.

Дөңгелек үстел барысында Аутизм орталығының мамандары, В. М. Тарасова мен Г. Ғ. Амантаева АСБ бар балаларға білім беру, спорттық-тәрбие және бос уақыт қызметтерін ұйымдастыру үшін іс-қимыл алгоритмінің жобасын ұсынды;

Аутизм орталығы директорының м. а. Д. А. Дюсембинова орталықтың қызметі туралы және тиімділігі дәлелденген АСБ бар балалармен жұмыс істеуде халықаралық заманауи әдістер мен технологиялар туралы айтып берді;

С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, психология ғылымдарының кандидаты С. А. Стельмах «2023-2025 жылдарға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамытудың жол картасы» туралы баяндама жасап, жоғары оқу орындарының жобаларына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, іс-шараға ерекше баланың анасы, «Вестник Казцинка» газетінің бас редакторы В.С. Воевода қатысып, тәжірибе және жетістіктерімен бөлісті.

Шара соңында орталыққа экскурсия жасалып, кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып шараны ұйымдастырғандарына, алғыстарын білдіріп, өзектілігін атап өтті.