«Бастауыш мектеп «Заманауи әдіс-тәсілдер шеруі» облыстық практикалық семинары

«Бастауыш мектеп «Заманауи әдіс-тәсілдер шеруі» облыстық практикалық семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Ауылдық мектеп» жобасы аясында  ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Марсеков атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелерімен алмасу және  әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2023 жылдың 7 сәуірінде  «Бастауыш мектеп «Заманауи әдіс-тәсілдер шеруі» практикалық семинарын өткізді.

Іс-шараның ашылуында ШҚО ББ Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Окасов Куат Барысович  және ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнәр Зекенқызы Абетаева семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинардың бағдарламасы негізінде Р.Марсеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері шебер сыныптар, коучингтер және оқушылардың жоба қорғауын көрсету арқылы сабақтардың сапасын арттырудағы өзекті мәселелерді талдап, тәжірбиелерімен алмасты.

Іс-шара соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар пікірлерін білдіріп, келешекте практикалық семинарлар өткізуді ұсынды.

Семинар спикерлеріне алғыс хат, қатысушыларға сертификат табысталды.