
2023 жылғы 10 сәуірде ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы «ШҚО ББ Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ білім беру бағдарламаларына ақпараттық технологияларды интеграциялай отырып, пәндерді тереңдетілген деңгейде оқыту саласындағы жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында Зайсан және Тарбағатай аудандарында «Құндылықтар негізінде білім беру бойынша жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден олимпиадаға дайындау моделі» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинар спикерлерінің баяндамаларының тақырыптары қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім беру сияқты негізгі құндылықтарға толы болды.
Семинарда оқушыларды пәндік олимпиадалар мен конкурстарға дайындау, дарынды оқушыларды дамыту жүйесіндегі қашықтық ресурстар, оқушыларды пәндік олимпиадалар мен шығармашылық жарыстарға дайындауда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, олимпиаданың әрбір қатысушысы үшін дамудың білім беру траекториясын дұрыс құру мәселелері қаралды.
Семинар барысында:
- Ауезов Быржан Бэкович, математика пәні мұғалімі, «Үздік педагог - 2022» ғылым мұғалімі «Сабақтан тыс жұмыстардың болашағыма әсері»;
Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы, биология пәні мұғалімі «Олимпиадаға дайындаудың маңызы»;
Хожахметов Наурызбай Изетуллаұлы, информатика пәні мұғалімі «Құндылықтар негізінде білім беру»;
Боранбаев Бақ-Дәулет Қазбекұлы, география пәні мұғалімі «Тиімді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Бағдарлама аясында спикерлер 6-сыныптарда практикалық сабақтар, шеберлік сыныптарын және семинар қатысушыларымен тренинг өткізді.
Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар кәсіби шеберлікті одан әрі арттыру үшін спикерлер ұсынған материалдардың практикалық маңыздылығын, жоғары мотивациялық құндылығын ерекше атап өтті.
Іс-шараға Зайсан және Тарбағатай аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің ЖМБ бағытындағы 100 мұғалім қатысты.
Жауапты: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері Желпакова Айгуль Халелевна.