2023 жылғы 6 сәуірде онлайн режимде колледждердің ата-аналары үшін «Колледж студенттері арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтің және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата-аналар мен педагогикалық құрамның бірлескен жұмысының өзектілігі» тақырыбы бойынша облыстық жиналыс өткізілді. Ата-аналар қауымы алдында ШҚО білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Г. М. Искакова сөз сөйледі.
Г.М.Искакова соңғы уақытта колледж студенттері арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жиілеп кеткенін атап өтті. 2022 жылы және 2023 жылдың үш айында колледждер бөлінісінде ШҚО ТжКБ студенттерінің жасаған құқық бұзушылық пен қылмыстары мен деструктивті мінез-құлқына жасалған мониторингпен таныстырды. Гүлмира Мамырбекқызы жастардың өз-өзіне қол жұмсауы мен қылмыс жасауының негізгі себептерін түсіндірді, олардың негізгілері ата-аналарымен, жақындарымен өзара түсіністіктің болмауы, олардың тарапынан назардың болмауы және оқу үдерісінен тыс бақыланбайтын бос уақыттың болуы болып табылады.
Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдердің деструктивті мінез-құлқын төмендету бойынша ұсыныстар берілді және олардың тәрбие үдерісіндегі басты рөлі атап өтілді. Жиналысқа 780 ата - ана қатысты.