«Жұлдызай» XVIIІ Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

«Жұлдызай» XVIIІ Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңнің жеңімпаздары  анықталды

2023 жылғы 30 наурызда «Juldyzaі» XVIІІ Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңнің қорытындысы шығарылды. Фестивальге 10-нан 15 жасқа дейінгі аймақтың 87 жас дарыны 4 номинация бойынша қатысты: вокал, хореография, ыммен және аспапта орындау.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 1  жүлделі орындарды «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ, «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері және Зайсан ауданының оқушысы  иеленді.

Жеңімпаздар 2023 жылдың мамыр айында фестивальдің республикалық турында облыс атынан өнер көрсетеді.

Жеңімпаздарды құттықтап шығармашылық табыс тілейміз!