«Қазіргі менеджер үлгісі» облыстық онлайн-семинар

«Қазіргі менеджер үлгісі» облыстық онлайн-семинар

Мектеп басшысы - білім берудегі болып жатқан өзгерістерді іске асырудың табыстылығын айқындайтын білім беру саласындағы негізгі тұлға. Бұл тиімді менеджер, өйткені бүгінде ол көптеген басқару функцияларын орындауы керек.

ШҚО білім басқармасының «Шығыс»  өңірлік орталығы 2023 жылдың 31 наурызында облыс мектептерінің директорлары үшін «Қазіргі менеджер үлгісі» атты онлайн-семинар өткізді.

Негізгі мақсат-стереотиптерді еңсеру және мектеп алдында тұрған міндеттерді шешудің дәстүрлі емес жолдарын, педагогикалық ұжыммен сындарлы өзара іс-қимыл саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді табу қабілеті бар «Табысты менеджер» байқауының жеңімпаздарымен тәжірибе алмасу.

Қомақты жүктеме мен жауапкершілікті мойнына алып, табысты көшбасшы болу үшін не қажет?

Осы сұрақтың жауабын облыстық «Табысты менеджер» байқауының жеңімпаздары - Манапова Альфия Сайлаубековна, ШҚО ББ  Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Привольное орта мектебі» КММ директоры, Карибаева Мархаббат Камелхановна, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка орта мектебі» КММ директоры, Мұстафина Гүлчат Чайхановна, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» директорлары айтып берді.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Берекполова Гүлфия Октябрқызы С.Ковидің «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» кітабы бойынша табысты менеджердің 7 дағдысын таныстырды:

  1. Белсенді болыңыз;
  2. Түпкі мақсатты жол басында нақтылап алыңыз;
  3. Ең негізгі шаруаға ғана баса мән беріңіз.
  4. Ұттым күйінде ойланыңыз;
  5. Әуелі түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылыңыз;
  6. Синергия (шығармашылық өзара тиімді қарым-қатынасқа ұмтылыңыз);
  7. Араны қайраңыз! (өзін-өзі дамыту).

Кері байланыс барысында қатысушылар семинардан алған әсерімен бөлісті.